Шымкентте коронавируспен тіркелгендер жайлы соңғы ақпарат жарияланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында тіркелгендер жайлы жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасаа.

Шымкент қаласында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды.

Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары. Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда.

Қазір аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Шымкент қаласында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.


Соңғы жаңалықтар