Шымкентте коронавирус жұқтырған 5 адам бір отбасы мүшелері болып шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 5 адам бір отбасы мүшелері болып шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай штабы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада 5 сәуір күні анықталған 5 адам — бір отбасының мүшесі. Олар: әкесі, анасы, ағасы, әйелі, баласы болып табылады. Сол азаматтардан алынған сынама инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Бұл науқастар бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласынан келген 24 жасар науқаспен байланыста болғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда барлық індет жұқтырғандар оқшауланып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте бүгінге дейін 19 адамның қауіпті індетке шалдыққаны анықталып отыр.


Соңғы жаңалықтар