Шымкентте келер жылы халықаралық ақындар айтысы өтеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте келер жылы халықаралық ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті отырысында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шым шаһар 2020 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы болып жарияланғаны белгілі. Одан бөлек, келесі жылы ЮНЕСКО көлемінде Шымкент қаласының 2200 – жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтпек.

Мәслихат отырысында мәлім болғандай, келер жылдың көлемінде ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерттерін ұйымдастыру жоспарланған. Сонымен қатар, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи қолөнер көрмесі, «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» ТМД елдерінің суретшілер және фотосуретшілер байқауын өткізу көзделіп отыр.

Бұдан өзге, драма театрлары мен анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалі, Халықаралық ақындар айтысы және алғаш рет «Душа Евразии» I халықаралық эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі ұйымдастырылады. Ақын-жазушылардың кездесулері мен тағы басқа іс-шаралар өткізіледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар