Шымкентте қатаң карантиннен кейін 5 мыңға жуық азамат куәліктерін жаңартқан

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті өкілдігі карантиндік шектеулерден кейін Шымкент қаласында көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған сәйкес, Шымкентте төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін 5 мыңға жуық азамат жеке куәліктерін жаңартқан.

Ал Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 20 мыңнан аса автокөлік қайта тіркеуден өткізілген,

Мамыр айында ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлік иелері де көп күткені белгілі болды. Азаматтар жылжымайтын мүліктерін мемлекеттік тіркеубойынша 2 мыңнан астам рет жүгінген.

Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін алғысы және ауыстырғысы келетіндерге қатысты 6 мыңға жуық құжат рәсімделген.

Қатаң карантиннен кейінгі сұранысқа ие болған бесінші қызмет түріне әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қызметі жатқызылып отыр. Яғни, 5 мыңнан аса әйелге жүктілігі және босануына байланысты берілетін төлемдер тағайындалған.

Осылайша, шымкенттіктерге 44 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Бүгінде ХҚО-ларда вирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін азаматтар кезекті egov.kz порталы арқылы алдын ала брондап жатыр.


Соңғы жаңалықтар