Шымкентте карантин талаптарына қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте карантин талаптарына қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалымжан Әбішевтің айтуынша, шаһардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №31 қаулысы шығып, №30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

«Атап айтсақ, сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізу. Осы қаулымен қызметі тоқтатылған нысандарды немесе басқа жұмыс уақытысы белгіленген нысандарды қоспағанда барлық қызмет көрсететін нысандардың (химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілем тазалайтын объектілер, техниканы, киім, аяқ киім жөндеу шеберханалары, ателье, гүл, өсімдік тыңайтқыштарын, бақша құрал-саймандарын, құрылыс заттарын және құралдарын, радиотауарларын сататын дүкендер, киім және аяқ-киім, дүңгіршектер, металл қабылдайтын орындар, мақта түту цехтары, ұялы байланыс кеңселері, бизнес-орталықтары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектеліп, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылады. Ал автожуу орындарының жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелумен жұмыс істеуіне рұқсат етілді», – деді Ғалымжан Мотайұлы.

Айта кетейік, қалада 24 наурыз бен 12 тамыз аралығында COVID-19 инфекциясымен 5131 жағдай тіркелген. Оның 2617-сі симптомды, ал 2514-і симптомсыз. Бүгінде науқастардың 3866-сы сауығып, 1218-і ем алуда. Соңғы мәліметтерді жеткізсек, қалада 12 тамызда инфекцияның 10 жағдайы тіркеліп, өсім 0,2% құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар