Шымкентте Ішкі аудит қызметінің басшысы мен мектептің бөлім меңгерушісі пара алған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының бірқатар лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорқыққа қарсы іс-қимал агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Агенттік баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018-2019 жылдар аралығында колледжде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК директорынан 1,2 млн мың теңге сомасында пара алғаны үшін қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы әшкереленген.

«Осыған ұқсас қылмысты жасады деп қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы күдікке ілініп отыр, ол орта мектептің оқу бөлімінің меңгерушісінен оны мектеп директоры лауазымына тағайындауға тест тапсыруына көмек көрсеткені үшін 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған», делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар кінәсін мойындағаны және келетіні жөнінде міндеттеме алғаны үшін процессуалдық ұстау шарасы қолданылмаған.

«Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар