Шымкентте есірткі заттарын таратумен айналысқан 5 күдікті ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «синтетикалық» есірткі заттарын таратумен айналысқан бес күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан бес күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Күдіктілер жалға пәтер алып, онда есірткі заттарын алдын ала бөлшектеу арқылы сатуға даярлап, түнгі уақытта қала аумағындағы жасырын орындарға тығып жүрген. Есірткіні қалдырған орындар туралы олар әлеуметтік желідегі есірткі саудасына арналған парақшада ақпарат беріп, ақшалай қаражат алып отырған.


Соңғы жаңалықтар