Шымкентте емхана қызметкерлері жалғызбасты анаға қаржылай көмек көрсетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық №4 емхананың қызметкерлері жалғызбасты әрі көпбалалы анаға көмек көрсетті. Үш бірдей баласы мүмкіндігі шектеулі анаға қаржылай қолдау білдіріп, қайырымдылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, қаржылай көмек алған келіншектің төрт баласы бар. Жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан ананың үш баласы мүгедектігіне байланысты тіркеуге алынған. Өз кезегінде емхана ұжымынан қаржылай көмек алған ана көзіне жас алып, қайырымдылық жасаған ақ халатты абзал жандарға алғысын айтты.

«Көп рақмет сіздерге. Бұл жағдай жүрегімді ауыртып жіберді. Бұл өмірде қайырымды жандар көп, білемін. Барлығыңызға алғысым шексіз» -дейді төрт баланың анасы.

Айта кетейік, шаһарда «Шымкент – қайырымды қала» акциясы аясында тұрмысы төмен және мұқтаж отбасыларға қайырымдылық шаралары көрсетіліп, азық-түлік пен киім-кешек таратылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар