+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Шымкентте екі адамды өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды

2020 жылғы 19 ақпан 19:10
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі адамды өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте екі адамды өлтірген деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сезікті қылмыс жасағаннан кейін бір тәуліктен соң қолға түскен.

«Аса ауыр қылмысты жасады деген күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысты жасауға күдікті мен ер азаматтың арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған. Сезіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес белгілі болады. Аталған жайт Қылмыстық Кодекстің 99-бабы (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Айғақты заттар тәркіленіп алынды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше қаладағы пәтерлердің бірінде еркек пен әйелдің денесі табылған болатын. Мәйіттерді марқұм болған әйелдің анасы тапқан еді. Қылмыскердің қолынан қаза тапқандар бұған дейін сол пәтерде бірге тұрған көрінеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT