Шымкентте дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжейді аман қалып қалды
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өкпесіндегі дерті асқынған әжейді ауруханаға 26 маусым күні жедел жәрдем жеткізген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің басым бөлігі зақымданғанын және қан кеткенін анықтаған.
Жағдайының ауырлауына байланысты әжей төрт күннен кейін жансақтау бөліміне ауыстырылып, COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетілген.
«Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы деп бағалаған. Дер кезінде көрсетілген ем-домның арқасында қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 6 шілде күні ол ауруханадан шығарылған. Егде жастағы науқас өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына ризашылығын білдірді» делінген хабарламада.
Айта кетейік, қала бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3 555-ке жеткен. Ал, жазылып шыққандар саны - 717 адам.