Шымкентте COVID-19 карантиндік стационардағы 3 адамнан тіркелді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында коронавирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары карантиндік стационарда жатқан адамдардан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 сәуір сағат 21.15-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда індетті жұқтырудың жаңадан 9 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 3 науқас Шымкент қаласында анықталды.

«Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған болатын. Олардан зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінде.

Бүгінгі дейін Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясына шалдыққан 23 адам анықталды.


Соңғы жаңалықтар