Шымкентте бойжеткенді көлікке күштеп отырғызғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бойжеткенді көлікке күштеп отырғызғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар азаматшаны автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткендігі туралы бейнежазба тараған болатын. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы сол маңдағы бейнебақылау камералардың біріне осы оқиға түсіп қалғанын анықтап, бейнежазбаны тексерген. Сондай-ақ, жақын маңда тұратын тұрғындарынан сұрап, аталған бейне жазбаны түсіріп алған азаматшадан жа жауап алған.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігінің 1- тармағымен (бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейіңгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысты барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар