Шымкентте бірнеше шенеунік пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттікпен бірге, Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдіктелуде.

«Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар