Шымкентте бір жасар баланы пойыз қағып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте пойыз қағып кеткен сәбидің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған аурухананың дәрігерлері бір жасар сәбиді аман алып қалу үшін барлық ем-дом шараларын жасауда. Алайда бүлдіршіннің жарақаты ауыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше 3 қазан күні таңғы сағат 10:15-те Қызылсай-Шымкент станциясында жүк пойызының астаны 1 жасар қыз түсіп кеткен. Бүлдіршін ауыр халде Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар