Шымкентте бір тәулікте 45 адам коронавирус жұқтырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте бір тәулікте 45 адам коронавирус жұқтырды. 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 20 адам өз үйлерінде бақылауға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, инфекциялық стационарларда барлығы 560 орын бар. Оның үш жүзден астамында науқастар ем қабылдауда. Шаһарда сондай-ақ 305 046 ПТР зертханалық зерттеу жүргізілген. Оның 1963-і бір күнде алынған.

«Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 240 нысанға тексеру жүргізіп, 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығын анықтаған. Барлығына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сондықтан медицина мамандары халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар