Шымкентте банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте банк бөлімшесіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«17 наурыз күні банк бөлімшесіне шабуыл жасаған күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Банктің осы бөлімшесін күзетуді қамтамасыз еткен Күзет агенттігі қызметкерінің жеделдігі мен қырағылығының арқасында күдікті қылмыс орнында ұсталғанын айта кету керек. Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын тексеріп, сыбайластардың бар-жоғын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізеді», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар