Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» соқты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» келіп соққан. Салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.
Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні сағат шамамен 18:30-да Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында болған.
Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол рульге ие бола алмай қалған.
«Тәуке хан даңғылының бойында жол белгілерінің барлығы орнатылған. Сызбалары сызылып, жол тегістелген. Сондықтан бұл жерде жол-көлік оқиғасын тудыратын ешқандай себеп жоқ», - дейді қалалық ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев.
Қазіргі таңда «КамАЗ» жүргізушісіне тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
- Пәкістанның батысында сегіз адам жол апатынан мерт болды
- «Нұрлы жер»: Шымкентте 1,5 мыңнан астам пәтер беріледі
- Қарағандыда асхана өртеніп, 40-тан астам маман тілсіз жаумен күресті
- Италияда түнде Этна жанартауы оянды
-
Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
-
20 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам