Шымкентте әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған акция өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті. Қалалық полиция қызметкерлері ұйымдастырған ауқымды шара аясында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-консультациялық кеңес берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында әл-Фараби ауданы полиция басқармасының әйелдерді қорғау тобының қызметкерлері жергілікті тұрғындармен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында әңгіме өткізді. Тұрғындарға қолданыстағы заңнаманың ережелері, атап айтқанда, ұрып-соғу үшін жауапкершілік, сондай-ақ отбасында зорлық көрген әйел не істеуі керек - соның бәрі түсіндірілді.

Кездесу барысында барлық қатысушыларға жадынамалар мен ақпараттық буклеттер, ІІМ «сенім телефондары» және отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығының байланыс нөмірі жазылған брошюралар табысталды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Соңғы жаңалықтар