Шымкентте аутизмге шалдыққан балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған акция өтті. «Арда» қайырымдылық қоры ұйымдастырған шараға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аутизм диагнозы қойылған балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы шерумен басталды. 30-ға тарта балғын екі қабатты автобусқа мініп, қаланың орталық көшелерімен серуендеді. Әл-Фараби алаңынан басталған серуен Түркістан көшесі, Қонаев және Бәйдібек би даңғылдарының бойымен жалғасты. Наурыз алаңына дейін жалғасқан ерекше шеруді байкер көші бастап жүрді. Жеткіншектер отырған «Red bus» автобусы Шымкент көшелерімен салтанатты сап түзіп, бейбіт күннің белгісін паш етті. Акция «Панорама» мейрамханасында жалғасты. Онда аутизм диагнозы қойылған балалар мен ата-аналары ақ көгершіндерді көкке ұшырып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

null

null
null













Соңғы жаңалықтар