+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Шымкентте әуе шары электр бағанына құлап, 4 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды

2021 жылғы 6 мамыр 23:37
Бөлісіңіз:
Шымкентте әуе шары электр бағанына құлап, 4 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте әуе шары құлап салдарынан 4 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін кешкі сағат 20:24 шамасында Тұран шағын ауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға орын алған. Яғни желдің соғуы себебінен әуе шары басқарылмай 10 кВ әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзілді. Сондықтан Тұран шағын ауданы мен Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз отыр», - деді ол.


Оның айтуынша арнайы бригадалары жағдайды қалпына келтіру бойынша жұмыс жасауда.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT