Шымкентте атыс болып, бір адам көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«29 қазан күні Шымкент қаласының Полиция департаментіне Арғынбеков көшесіндегі дәмханалардың біріне белгісіз адамдар кіріп, бірнеше рет оқ атқаны туралы хабар келіп түсті», - делінген хабарламада.

Бір адам оқиға орнында қаза тапқан, тағы 5 адам жараланып, №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.

«Оқиға орнын тексеру кезінде қылмыс жасалған қару табылып, тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына, 287-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар белгіленді. Күдіктілердің тұлғасы анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Прокуратура және полиция департаментінің басшылығы осы қылмыстық істің тергелуін ерекше бақылап отыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпараттар жарияланбайды», - деді полиция.

Соңғы жаңалықтар