Шымкентте алғаш рет «Көрпе fest» мегафестивалі өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Шымкент қаласында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылу салтанаты өтті. «Көрме» орталығында ұйымдастырылған шараға көпбалалы аналар мен тігін тігуді кәсіп еткісі келетін 200-ден астам қыз-келіншек қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мегафестивальдың ашылуында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков сөз сөйлеп, тренингке қатысушы қыз-келіншектерге сәттілік тіледі. «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, әрі оның қазіргі жетекшісі Ырза Тұрсынзада жүрекжарды тілегімен бөлісті. Шараға қатысушы нәзікжандылар ендігі жерде 6 наурызға дейін көрпе, құрақ құрау және өзге де қолөнер бұйымдарын жасаудың қыр-сырын үйренетін болады. Ақысыз шеберлік сағаттарын «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері және республикалық ақпараттық ағарту үгіт-насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада өткізеді. Бұл шара «Аманат» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Көрме орталығында үш күн бойына жалғасатын мегафестивальдің өтуіне Шымкент қаласы әкімдігі қолдау көрсетуде. Фестиваль аясында тегін оқыту семинарлары және қолданбалы өнер бойынша сабақтар мен көрмелер ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, аталған әлеуметтік жоба көпбалалы аналар мен аз қамтылған әйелдердің жеке ісін жүргізуге, өз мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді одан әрі танымал етуге ықпал етпек.


Соңғы жаңалықтар