+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Шымкентте әкімдік департаментінің басшысы тергеліп жатыр

2020 жылғы 28 мамыр 12:10
Бөлісіңіз:
Шымкентте әкімдік департаментінің басшысы тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы бюджет қаржысын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да парақорлар мемлекетке жарты млрд теңге шығын келтірді Карантин кезінде жемқорлықпен күрес қызметіне жүгінушілер саны 2 есе артқан

«Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген «Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады « , - деді ол агенттіктің онлайн-брифингі барысында.

Атап өтілгендей, ол 2019 жылдың маусым айында мердігер және басқа тұлғалар тобымен әрекет етіп, нақты орындалмаған жұмыстар үшін актіге қол қойды, солайша, департамент ғимаратын ағымдағы жөндеуге бөлінген бюджеттің 7 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деді Данияр Биғайдаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT