Шымкентте АӘК жаңа форматы кеңінен түсіндірілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын түсіндіру мақсатында жиын өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен көпбалалы аналар, тиісті сала басшылары мен аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің кімдерге және қандай тәртіппен берілетіні, АӘК тағайындау механизмі туралы кеңінен айтылды. Қала әкімінің орынбасары кепілдендірілген әлеуметтік пакетке жан-жақты тоқталды. Аталған пакетте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия заттары қарастырылған. Азық-түлік ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша реттелініп алынған. Бұл азық-түлік жиынтығын табысы төмен отбасылар ай сайын ала алады. Ал тұрмыстық химия тауарлары бір тоқсанда бір рет ұсынылады. Ербол Садыр сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға АӘК бойынша төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы жайында да түсіндірді. Яғни, жаңа жылдан бастап аталған жәрдемақының отбасылық кіріске қарамай барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп, кәмелет жасқа толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары аналардың «Көпбалалы отбасылар жәрдемақымен қоса АӘК ала ала ма?» деген сауалына жауап берді.

«Көпбалалы отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болса, отбасы арнайы жәрдемақымен қоса, АӘК алуға құқылы, - деді Ербол Садыр.



Соңғы жаңалықтар