Шымкентте 6,5 мың адам таза суға қол жеткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкенттіктердің өмір сапасын жақсарту үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 18,8 млрд теңгеге 13 инфрақұрылымдық жоба іске асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырсында айтты.

«Жұмыспен қамту жол картасы Шымкент қаласында үш бағыт бойынша іске асады. Бірінші бағытта жалпы құны 18,8 млрд теңгені құрайтын 13 нысан салынады. Қалған нысандардың екеуі 2020 жылдан қалған. Тек құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау керек. 11 жаңа нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, келісімшарт жасалды. Нәтижесінде 6,5 мың адам таза сумен және 17,6 мың адам электр жүйесімен қамтылады. Сондай-ақ 392 жұмыс орны құрылады», - деді қала басшысы.

Әкімнің сөзіне қарағанда жол картасының екінші бағыты бойынша 1,5 млрд теңгенің 6 пайыздық шағын несиесін бөліп, әрқайсысы 4,2 млн теңгелік 357 жоба бойынша 757 жұмыс орны құру көзделіп отыр.

«Сонымен қатар, бюджетке кемінде 45 млн теңгенің салығы түседі деп күтіп отырмыз. Бүгінгі таңда микроқаржы ұйымы құрылып, 250 әлеуетті несие алушының тізімі жасақталды. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша бизнес субьектілеріне несие беруге, жарғылық капиталын ұлғайтуға, қаржылай емес көмек көрсетуге Шымкент қаласына 7,1 млрд теңге бөлініп, 70-ке жуық жобаны іске асыру және 280 адамды жұмыспен қамту жоспарланған», - деді шаһар басшысы Мұрат Әйтенов.

Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде жылға дейін 1500 орындық 7 мектеп салынатынын айтты. https://www.kazinform.kz/kz/almaty-oblysynda-1500-oryndyk-7-mektep-salynady_a3792149


Соңғы жаңалықтар