Шымкентте 52 қызметтік көлік электронды аукцион арқылы сатылған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Ақылбек Қарабалаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысы 2019 жылы атқарылған негізгі жұмыстардан хабардар етіп, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, жалға беру, мүліктерді тиімді пайдалану және мүліктерді тәркілеу бойынша мағлұматтар берді.

Ақылбек Жамалбекұлының айтуынша, сатылған 52 қызметтік автокөліктің жалпы құны – 34 330 464 теңге. Департамент мамандары қаладағы 34 мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің алаңдарына талдау жүргізіп, нәтижесінде 5350,4 шаршы метрге оңтайландыру жұмыстары жүргізілді.

Биыл департамент 75 қабылдау-өткізу актісі бойынша бағалау құны 1 213 398 280 теңгені құрайтын 824 945,4 мүлікті мемлекет меншігіне қабылдады.

«ҚР Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелері орналасқан әкімшілік ғимараттар біздің департаменттің теңгеріміне беріліп отыр», – деді Ақылбек Жамалбекұлы.

Тағы бір айта кетерлігі, 2019 жылы жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар 32 жалға беру келісімшартын жасады.

Соңғы жаңалықтар