+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Шымкентте 5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

2021 жылғы 10 тамыз 03:05
Бөлісіңіз:
Шымкентте 5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бес жасар бала 2-қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

8 тамыз күні кешкі 22.30 шамасында әл-Фараби ауданы Терешкова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған. Жағдайы - орташа ауыр.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, есепті кезеңде қалада 3 бала осылай көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.

Оның ішінде бір бала қайтыс болды, қалған екеуі жарақат алып, ауруханаға түскен.

Өткен жылмен салыстырғанда осы кезеңде терезеден құлауға байланысты жазатайым оқиғалар санының өскені байқалады.

Полицейлер ата-аналарға барынша мұқият болып, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

Балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін мына ережелерді сақтау керек:

- Терезені ашық қалдырмау керек, өйткені бір секундқа болсын алаңдап қалу баланың өміріндегі соңғы сәт немесе мәңгі жазым болып қалуы мүмкін.

- Терезе торын тиісті қорғаусыз қолдануға болмайды. Бала алдында белгілі бір кедергіні көреді және ол оған сенімді сүйенеді, ал оның салдарынан бүлдіршін бір жасар баланың да салмағын көтере алмайтын тормен бірге құлап түсуі мүмкін.

- Баланы терезенің жанында ойнап отырған кезінде қараусыз қалдыруға болмайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT