Шымкентте 41,7 мың азамат әлеуметтік қолдау шарасымен қамтылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 41 768 азамат әлеуметтік қолдау шарасымен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін мемлекет пен адамдардың күш біріктіруі аса маңызды. Оны іс жүзінде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды», делінген хабарламада.

Аталған бағдарлама аясында өткен жылы Шымкентте қандай жұмыстар атқарылды? Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама төрт бағыттан тұрады.

Бірінші бағыты, 2019 жылы 2 000 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. Нәтижесінде 1 500-ге тарта адам жолданды.

Екінші бағыты бойынша 83 азаматқа шағын несие алу үшін жолдама берілді. «Бастау бизнеспен» 2 955 азамат оқытылып, куәлік табысталды. 3 478 азамат 505 мың теңге мемлекеттік грантқа ие болды.

Үшінші бағыты, 41 768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 28 339 жұмыссыз азаматтар тұрақты, уақытша және жаңа жұмыс орындарына жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына - 484, жастар тәжірибесіне 3 503, қоғамдық жұмысқа – 2 252 азамат жолданды.

Төртінші бағыт - «Жас кәсіпкер» жобасымен 1 407 азамат оқытылып, куәлік табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар