Шымкентте 3 мыңнан аса кезекші сынып ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 1-4 сынып оқушылары мектеп қабырғасында білім алып жатыр. Бүгінде 49 мыңнан аса бастауыш сынып оқушысы үшін 3 344 кезекші топ ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы оқушылардың 22 проценті мектепке барып жатса, қалған 78 проценті қашықтан білім алуда. Барлық мектептерде «Bilim Iand - OOnlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, барлық мектептер ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізіп жатыр. Балалар мектепке кірмес бұрын күнделікті дезинфекциялық өткелден өткзәледі. Әрі қарай олардың қызуы өлшеніп, антисептик құралымен қолдарын залалсыздандырады.

Сондай-ақ, өзімен бірге медициналық бетпердесі жоқ оқушыға жаңа маска беріледі. Бекітілген талаптар бойынша әр кабинеттегі бала саны 15-тен аспайды. Өзара 1,5 метр арақашықтықта қойылған әр партада тек бір ғана оқушы отырғызылған.

Кезекші сыныптардағы сабақтар әр уақытқа қойылып, үзіліс те әртүрлі уақытта болуда.

Соңғы жаңалықтар