Шымкентте 26 жастағы жігіт мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Еңбекші аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде садақа жәшігі ұрланған.

«Белгісіз біреу түнгі уақытта мешіт ауласына кіріп, қайырымдылық жәшігінің құлпын бұзып, жалпы сомасы 9000 теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен. Тергеу және криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты» делінген хабарламада.

Бүгінде ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдіктінің бұдан басқа тағы 6 ұрлыққа қатысы бар екені, сондай-ақ қылмысты негізінен жекеменшік үйлерде жасағаны анықталды.

Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Фото: Aktobenews.kz

Соңғы жаңалықтар