Шымкентте 248 шаршы метр тұрғын үй өртеніп кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Базарқақпа тұрғын алабында орналасқан баспанаөртеніп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке оранған қосымша нысан тұрғын үймен жапсарлас соғылған. Ондағы үй-жайда шаруашылық және құрылыс материалдары сақталған.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 34 адам және 8 бірлік техникасы тартылды. Өрттің жалпы ауданы 248 шаршы метрді құраған. Өрттің себептері мен залалдың мөлшері анықталуда» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар