Шымкентте 200 көшеге «Сергек» камералары орнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы 200 көшенің бойы мен 120 көше қиылысына «Сергек» камералары орнатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басты бағдарда ұстаймыз. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік қызметтерді барынша цифрландыруға көшіруді қолға алдық. Нақтырақ айтқанда қалада 165 қызмет түрлерінің 88 пайызын электронды түрде алуға болады. Осы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 95 пайызға дейін жеткізіледі», - деді Мұрат Әйтенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешу үшін «109» желісімен «iKomek» байланыс орталығы іске қосылған. Орталық тәулігіне 24 сағат демалыссыз халыққа қызмет көрсетеді. Бюджетті жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету үшін 2021 жылдан бастап қаладағы 4 аудан әкімдігі тарапынан «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізіледі. Қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі жасалды.

«Келер жылы сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 200 үлкен көшенің бойында және 120 көше қиылысына «Сергек» камераларын орнату жоспарлануда», - деп түйді Мұрат Әйтенов.



Соңғы жаңалықтар