Шымкентте 2 агро-индустриалды аймақ құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте 2 агро-индустриалды аймақ құрылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету керектігі айтылды. Шымкентте осы бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймағын іске қосу жоспарланып отыр. Біріншісі – аумағы 136 гектар жерге заманға сай өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу бойынша 28 жоба іске асады. Екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді» ,- деді Мұрат Әйтенов.

Әкімнің сөзінше «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобалар жүзеге асады.


Соңғы жаңалықтар