Шымкентте 14 нысан карантин режимін бұзған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте соңғы тәулікте 72 адам КВИ жұқтырған. 16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шаһарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Өткен тәулікте қаладағы 373 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталған.

«Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар. Ондағы төсек-орын толымдығы – 26,7%. 1012 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 368 науқас емделуде» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар