Шымкент-Ыстанбұл әуе рейсі қайта жанданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкенттен Ыстанбұлға әуе рейстері қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 сәуірден бастап SCAT әуе компаниясы Шымкенттен Ыстанбұлға рейстерді қайта бастайды. Осы бағыт бойынша ұшулар әр дүйсенбі және бейсенбі күндері жайлы Boeing 737-мен орындалатын болады» делінген аталған компания таратқан ақпаратта.

Рейстерде Қазақстан қалаларымен ыңғайлы тоғысулар қарастырылған. Рейске тіркелу кезінде саяхатшының толтырылған сауалнамасының басып шығарылған немесе электронды түрде болуы міндетті.


Соңғы жаңалықтар