Шымкент тұрғыны 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қалай алғанын айтты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғыны Қанат Шаханов 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді қалай алғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қаласында тұрамын, атыма жеке кәсіпкерлік тіркелген және ұялы телефонға қажетті керек-жарақтарды сатумен айналысамын. Карантин жариялануына байланысты табысымнан айырылдым. Сондықтан әлеуметтік төлем берілетіндігін естігеннен кейін жеке кәсіпкерлігім арқылы egov.kz порталында өтінім қалдырдым», - деді ол.

Қанат Шахановтың айтуынша, порталда жеке сәйкестендіру нөмірін терген кезде бірден әлеуметтік төлем ала алатындығы туралы дерек шығып тұрған.

«Барлық қажетті деректерді өңдеп, өтініш бергеннен кейін СМС-ақпарат келетіндігі туралы хабарлама түсті. Алайда, маған еш хабарлама келген жоқ. Өтінімді 2 сәуір күні қалдырған едім. Ал бүгін есепшотыма 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем түсіпті. Осындай қиын кезеңде қарапайым азаматтарды ауыр жағдайда қалдырмаған ел басшылығына ризашылық білдіремін», - деді жеке кәсіпкер.


Соңғы жаңалықтар