Шымкент полицейлері қонақүйдегі арыстанды іздестіріп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қонақ үйдегі арыстанның кішкентай баласы туралы видео тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода арыстанның Шымкент қаласы Қағанат көшесі, 30 мекенжайында орналасқан JadiAs қонақүйінде қамауда отырғаны айтылған.

Осыған байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер арыстанды іздеу жұмысын жалғастыруда» деп мәлім етті полициядан.



Соңғы жаңалықтар