Шымкент пен Арика қалаларының ынтымақтастығы артады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентке Чилидің құрметті консулы Леонид Шейнгезихт келді, деп хабарлайды otyrar.kz. Екі жақты кездесу барысында шетелдік қонақ Чилидің ауыл шаруашылығы, шарап қабылдау, медициналық техниканы өндіру, топырақ ресурстарын және туризмді дамыту, өндіру кезінде пайдаланылатын өңдеу зауыттарын салу, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, Қазақстан-Чили арасындағы технология нарығын қолдану жөнінде мысал келтірді.

Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен аппарат басшысы Рашид Аюпов Шымкент қаласының аграрлық саладағы болашақ мүмкіндіктері туралы айтып, ірі кәсіпорындар өз тауарларын экспорттауға қабілетті екенін тілге тиек етті. Кездесу барысында қала іргесіндегі қорғасын-фосфат қалдықтарды қорту жұмыстарына шетелдік мамандарды шақырды. Сонымен қатар, Чили Республикасының құрметті консулы Леонид Шейнгезихт Шымкент пен Арика қалалары арасында экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға шақырды.

       Айта кету керек, Шымкент қаласы өндірістің қай саласы болсын, кез-келген ұтымды ұсынысты қабылдап, ынтымақтаса жұмыс істеуге әзір. Өйткені, қаланың өндірістік әлеуеті зор және даму болашағы жарқын. Сонымен қатар, Шымкент қаласының тікелей шетелдік инвестицияны тартуға да мүмкіндігі мол екенін айта кету керек. Қалада жұмыс күші де жетерлік және өндіріс орындарын құруға инфрақұрылым жүйелері де дайын.

 

Соңғы жаңалықтар