Шымкент мұнай өңдеу зауыты провизорлық станционарға қорғаныш құралдарын жеткізіп берді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қоры бірлесіп, Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті.

Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1 мың дана қорғаныш киімдерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұқпалы індетпен күресте еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғысын білдірген серіктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан алдағы уақытта тағы да қолдау болатынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы провизорлық орталықтарда 3610 төсек орын болса, оның 260-сы осы №2 қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200 науқас ем қабылдап жатыр. Орталық қажетті дәрі-дәрмектер мен тыныс алу қондырғыларымен толық қамтылған. Бұған дейін қала әкімдігі тарапынан провизорлық станционарға қосымша 6 ИВЛ аппараты жеткізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар