Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ashyq жобасына қатысушылардың жұмыс кестесі көрсетілген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатта мейрамхана, дәмхана және кофехана сияқты қоғамдық тамақтану нысандары 50% дейін толтырылған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істей алатыны айтылған. Бірақ нысандағы жүктелім 70 орыннан аспауы керек.

Жазғы алаңдар, сауна мен моншалар, СПА орталықтары Ashyq жүйесінде әдеттегі режимде жұмыс істейді.

Ashyq жүйесіне қатысушы фудкорттарға 30% дейін толтырылған жағдайда сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Бірақ орындар саны 50-ден аспауы керек.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, боулингтер, цирктер толымдылығы 50% аспай жұмыс істей алады. Ал PlayStation клубтары мен компьютерлік клубтар толымдығы 60% аспауы шарт.

Банкет залдары бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаңды қамтамасыз ету арқылы сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істей алады. Толымдық 50%-дан, орын саны 70-тен аспауы керек.

Караоке нысандарына 50% жүктеліммен, орын санын 60 адамнан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Көрмелер бір адамға 6 шаршы метрден кем болмайтын алаңмен қамтамасыз етілген жағдайда келуші санын бір уақытта 250-ден асырмай, толымдықты 70%-дан асырмай қызмет көрсете алады.

Қаулының толық нұсқасына мына сілтеме арқылы өтуге болады.

Соңғы жаңалықтар