Шымкент қаласындағы зауытта болған ТЖ салдарынан жұмысшы қаза тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы зауытта орын алған апаттан адамдар зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ОҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей, мотор майын өндіретін «Хилл корпорейшн» ЖШС зауытында 20 желтоқсан сағат 20.00 шамасында тарсылдаған дауыс естіліп, арты өртке оранған. Салдарынан 1991 жылы дүниеге келген құю стансасының операторы сол жерде қаза тапты. 1985 жылғы тағы бір оператор денесінің 80%-ын күйік шалып, Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Сол жерге 1967 жылы туған КамАЗ жүргізушісі де жатқызылды. Арнайы машиналар белгіленген жерге сағат 20.30-да жетіп, 10 минут бойы өрт сөндірген. Апат себебі анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар