Шымкент қаласындағы екі гүлзар жаңартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы екі гүлзар жаңа кейіпке енді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесінің қиылысындағы, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысындағы гүлзарларды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан халық игілігіне пайдалануға берілді.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуші бас мердігер — «Шымкент Жасыл қала» ЖШС компаниясы.

Жалпы, 2 279 шаршы метр аумаққа плиталық төсеніштер төселіп, 4 670 шаршы метр жер көгалдандырылды. Сондай-ақ, гүлзарларға жаңа үлгідегі жарықшамдар, ыңғайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.


Соңғы жаңалықтар