Шымкент қаласы бүгіннен бастап «сары» аймаққа енгізілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы бүгіннен бастап «сары» аймаққа енгізілді. Соңғы тәулікте қалада КВИ-дің 51 жағдайы тіркеліп, 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, індет жұқтырған науқастардың 16-сы өз үйлерінде бақылауға алынған. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар болса, төсек-орын толымдығы 15%-ды құрайды. Осыған дейін 310 931 (ПТР) зертханалық зерттеу жүргізіліп, өткен тәулікте 2406 адамнан тест сынамасы алынған. Сондай-ақ, мегаполистегі карантинге қарамастан, бас санитар дәрігердің қаулысын елемейтіндер баршылық. Әсіресе, жиын өткізушілер көптеп кездесуде. Мәселен, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ 31 наурызда 313 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Айта кетейік, Шымкентте дәрігерлер демалыс күндері де инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар