Шымкент қаласы аумағында 10 шағынаудан оқшауланып, карантинге жабылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы аумағында 10 шағын аудан оқшауланып, карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай жөніндегі штабы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай жөніндегі штабының мәліметінше, карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылған. Олардың қатарында 115 полиция қызметкері, 14 қарулы күштер және 192 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.

«Карантинге жабылған аумақтардың қатарында жұқпалы аурулар емханасы мен «Атамекен», «Мейірім» оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., «Самал-1» шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынауданы және Желтоқсан көшесі 3 А үй бар.

Еске сала кетсек, бүгінде қалада жалпы коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелген. Науқастардың 10-ы індет жұқтырғандармен байланыста болған. 12 науқастың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағаласа, 51 жастағы пациенттің жағдайы ауыр әрі орташа динамикамен деп бағалауда. Тіркелген барлық жағдайлар бойынша байланыста болған 327 адамның 274-і стационарлық карантинге алынса, 53 адам үй жағдайында бақылауға аылнған. Карантиндік стационарлардағылардың денсаулық жағдайы да қанағаттанарлық.

Соңғы жаңалықтар