Шымкент қалалық мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімінің өкімімен бұл лауазымды енді Хамит Әміржанов атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хамит Уадутбекұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша қаржыгер.

Еңбек жолын Қостанай облысы Амангелді ауданы бойынша салық комитетінің маманы болып бастаған.

Одан кейін ҚР Қаржы министрлігі қаржыны ішкі әкімшілендіру департаментінің бас маманы, Қаржы министрлігі мемлекеттік орган қызметін қамтамасыз ету департаменті материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, аталған басқарманың басшысы қызметтерін атқарған.

Ал, 2010-2020 жылдар аралығында Қаржы министрлігі мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету департаменті материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Мемлекеттік органның бюджет қаражатын әкімшілендіру және басқару департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, қаржыны ішкі әкімшілендіру департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу комитетінің басқарма басшысы және Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.



Соңғы жаңалықтар