+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Шымкент: Басқарма бастығы Олег Почиваловтың Ресей азаматы екені сотта дәлелденді

2021 жылғы 22 ақпан 21:05
Бөлісіңіз:
Шымкент: Басқарма бастығы Олег Почиваловтың Ресей азаматы екені сотта дәлелденді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының бастығы Олег Почиваловтың арызы Әл-Фараби аудандық сотында қаралды. Аталған соттың судьясы Нұрғали Исмаилов басқарма басшысының Ресей Федерациясының азаматы екені толық дәлелін тапқанын айтып, оның талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды Екі адамның өліміне себепші болған әйел 5 жылға сотталды

Судья тіпті шенеунік Почиваловтың сотқа дәлел ретінде қандай да бір құжат ұсынбағанын жеткізді.

«Почиваловқа қатысты азаматтық істі қарау барысында оның Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны толық өз дәлелін тапты. Бұл ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және де Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің жауаптарымен дәлелденді. Сол себепті қалалық полиция департаментінің әрекеті заңды деп сотпен шешім қабылданды. Сот шешімі бір айдан соң ғана күшіне енеді»,- деді судья Нұрғали Исмаилов.

Айта кетейік, шымкенттік шенеунік бұған дейін өзінде қос елдің азаматтығы бар деп ақпарат таратқан полицияның хабарламасы жалған екенін хабарлаған болатын. Сөйтіп полицияның әрекетін заңсыз деп тану үшін сотқа талап арыз түсірген.

«2005 жылы Почивалов Ресей Федерациясының азаматтығын алған, 2007 жылы паспортын алған. Сол құжаттардың барлығы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің хаттарымен өз дәлелін тапты. Екі азаматтықтың анықталуына байланысты Почиваловқа қатысты ҚР-ның азаматтығынан айыру жөнінде мәселе қойылған»,- деді судья.

Еске салайық, соңғы кезде лауазымды тұлғаның Қазақстанның ғана емес, Ресей азаматы екені де әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын. Бірақ Почиваловтың өзі мұның бәрі әлдекімдердің ұйымдастырғаны деп жауап беріп еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT