Шымкент әкімі: Праймериз - тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді көздейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Праймериз - тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді көздейді, дейді Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов.Бұл туралы әкім бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жазбасында қала әкімі елімізде «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу бәсекесі басталғанын айтып, Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында праймериз алғаш рет өткізіліп жатқанына тоқталады. Оның айтуынша, Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.

«Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталады. Праймериз коронавирус пандемиясы кезеңімен сәйкес келгендіктен партияішілік іріктеуге арналған іс-шаралардың басым бөлігін онлайн форматта өткізу міндеттеліп отыр. «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алған «Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді, жалпы жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларын онлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді»,-деп жазды әкім.

Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы праймериз өткізуге қарқынды дайындық жүргізді. Әзірге шымкенттік 36 үміткер праймеризге қатысуға өтініш берген. Үміткерлердің ішінде 9 адам 35 жасқа дейінгі жас өкілдері.

«Еліміздің барлық бастамашыл, отансүйгіш және жауапкершілігі мол азаматтарын саяси бәсекеге белсенді қатысуға шақырамын! Саяси додаға қатысып, өз елінің дамуына үлес қосамын деген азаматтар өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауы тиіс», -дейді Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы.



Соңғы жаңалықтар