+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Шымкент әкімі №125 мектептегі даулы мәселеге түсініктеме берді

2021 жылғы 24 маусым 14:13
Бөлісіңіз:
Шымкент әкімі №125 мектептегі даулы мәселеге түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы №125 мектептің директорына қатысты 7 айға созылған даудың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық студенттер WorldSkills бойынша Еуразия чемпионатында 7 медаль алды Жыл басынан бері қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль еншіледі Биыл СҚО-ның 18 мектебіне оқушылар автобусы сатып алынды

«Бұл даудың басталғанына жеті ай болғанын дұрыс айтып жатырсыз. Сіздерге берген уәдемізде тұрып, мамандар өз құзыреті аясында арнайы барып тексерген болатын. Нтәижесінде ол директор өз еркімен жұмыстан кетті, бірақ уақыт өткеннен кейін біздің басқарманы сотқа берді. Сот ол азаматты заңсыз жұмыстан босаттыңыздар деген шешім шығарып, қайта жұмысқа жүктеді. Қазір біз соттың тапсырмасын орындауымыз керек. Біздің мемлекетте әр адамның заңды құқығын қорғауға мүмкіндігі бар. Сол үшін жұмыстан шыққан азамат ешқандай пара алмағанын дәлелдеу үшін сотқа барып, жеңіп шықты. Нақты дәлел болмағандықтан жемқорлықпен күресетін департамент те, бәрі істі өздері тоқтатқан шығар деп ойлаймын», - деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ, ол қалалық білім басқармасы істің ақ-қарасын толық анықтау үшін соттың шешіміне апелляциялық шағым түсіргенін мәлім етті.

«Сотта екі жақ та тұрды. Қазіргі кезде мұғалімдердің бәрімен біз байланыстамыз. Мен білім басқармасына №125 мектепті тікелей бақылауға алу туралы тапсырма бергенмін. Қалалық білім басқармасы соттың шешіміне апелляциялық арыз берді. Соның нәтижесіне қарай жұмыс істейміз», - деді әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT