+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Шымкент әкімдігі санақ персоналына 246 планшет табыстады

2021 жылғы 24 тамыз 12:02
Бөлісіңіз:
Шымкент әкімдігі санақ персоналына 246 планшет табыстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық санақтың бірінші кезеңінде Шымкент қаласындағы жылымайтын мүліктердің мекенжайын нақты көрсететін жаңартылған карта әзірленді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда санақтан 2 миллионнан астам адам өтті Қарағанды облысында бір миллионнан астам адам санақтан өтті Алматы облысының Балқаш ауданында халық санағы елден бұрын аяқталды

«Санақтың екінші кезеңіне 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1 304 интервьюер тартылады. Қала аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік обьектілері мен олардың мекенжайлары бойынша жаңартылған карта әзірленіп, Статистика органына 246 дана планшет ұсынылды. Санақ персоналын үй-жаймен қамтамасыз ету бойынша 155 нұсаушы учаске белгіленіп, жиһазбен, құрал-саймандармен, телефон байланысымен және интернетпен жабдықталды», - деген шаһар басшысы қала аумағына жуық ғана қосылған елді мекендерге қатынау үшін санақ персоналына арнайы көлік бөлінгенін атады.

«Санақ персоналына қала аумағына кейін қосылған елді мекендерге қатынау үшін 14 жеңіл автокөлік ұйымастырылды. Қаладағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, санақ пеорсоналы вакциналаудан өтіп жатыр. Санақ персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін учаскелік полиция өкілдері профилактикалық және ұйымдастыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізді», - деді Мұрат Әйтенов.

Еске салсақ, бүгінгі Үкімет отырысында бюро басшысы биылғы санаққа пандемия, вакцинаға қатысты мәселелер сұрақтар қосылып отырғанын атап өтті.

«Санақ парақтарына халықтың көші-қоны, тіршілік қабілетін шектеу, пандемияның табыс деңгейіне әсері, коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық және халықты вакциналау туралы жаңа сұрақтар енгізілді. Жұмыспен қамту, тіл меңгеру, мекен жағдайы және бала туу туралы сұрақтардың қатары кеңейтілді», - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT