Шымкент әкімдігі мен «Шымкент – адалдық алаңы» open space форматында жұмыс істеуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және қала әкімдігі бірлесіп мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша open space форматында 32 мекеме жұмысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаевтың сөзінше, жаңадан енгізілген жаңалықтардың бірі жобалық кеңсе алаңында қала әкімінің азаматтарды ай сайын қабылдауы болып табылады.

«100-ден астам мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары кабинеттерін ғимараттардың бірінші қабаттарына ауыстырып, жыл соңына дейін осы форматқа барлық денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін көшіруді жоспарлап отыр. Білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобалары жүзеге асырылуда. Полиция саласында Жобалық кеңсе ішкі істер органдарының ашықтығы мен есептілігі туралы жоспарды жүзеге асыруда. Бірлесе жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ашық тергеу кабинеттері ашылып, барлық қалалық полиция басқармаларында азаматтар үшін «фронт офистер» жұмыс істеуде»,- дейді Е.Төлебаев.

Сондай-ақ, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұсыныстарын қалалық полиция департаменті қабылдап, жол қозғалысы ережесін бұзушыларды тоқтату барысында полиция қызметкері пара беру және пара алу заңмен қудаланатыны туралы алдын-ала ескертетін болды.

«БАҚ өкілдері, блогерлер мен қоғам өкілдерін тарта отырып, жол патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе жеке құрам мен жүргізушілер арасында жүйелі түрде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, »Адалдық жолында« парақшалары таратылуда. Мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты орнатуға бағытталған «Ашық микрофон» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жерде пікірталас барысында Шымкенттің әлеуметтік-маңызды мәселелері көтеріліп, тиімді нәтижелерге бағытталған шешімдер шығарылады«, - деп хабарлады Е.Төлебаев.

Сонымен қатар, 8 орта мектепте, 5 ЖОО-да және 3 колледжде ашылған Парасаттылық мектептері туралы хабардар етті. Шымкентте «Ізгілік елшісі» жобасы басталғанын және бұл шаралар қоғамда парасаттылық пен адалдық, қайырымды істер жасау, ерлік қағидаттарын, сондай-ақ адамдарға көмек көрсету сияқты қарапайым өмірлік маңызды іс-әрекеттерді насихаттау мақсатында қолға алынып отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар